Қызылорда қаласындағы, балаларды тәрбиелеуге, күтім жасауға және мектепке дейінгі білім беруге арналған жайлы әрі қауіпсіз балабақша. 3 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.
Балалардың дамуы, қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалған жағдайлар.
Аулада 3 балалар ойын алаңы, 3 әткеншек, 3 сырғанақ және 3 құм салғыш.
10 бейне бақылау камерасы мен дабыл қағу құралы орнатылған.
Үш топ үшін жатын бөлме, ойын бөлмесі және әжетханамен қамтамасыз етілген.
Сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, тәулігіне 9,5 сағат балаларға күтім.
«Нұрбек Орда» балабақшасы мекемесі Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әбу Насыр Әлъ Фараби көшесі №16/30 мекен жайда орналасқан. Мекеменің жалпы жер алаңы 8 сотықта 2 қабаттан тұратын және қосымша бір қабатты жеке коммерциялық бейімделген ғимаратта орналасқан. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 10:156:024:1145, жалпы пайдалану алаңы 0,0800 га. Аулада үш балалар ойын алаңы, 3 көленкелі қалқа, 3 әткеншек, 3 сырғанақ, 3 құм салғыш балалар ойнауына орнатылған. Сонымен қатар балалар қауіпсіздігін алдын алу мен қадағалауда 10 бейне бақылау камералары, дабыл қағу құралы орнатылған. Үш топ үшін жатын бөлме, үш ойын бөлмесімен және әжетханамен қамтамасыз етілген.
Балабақша Жарғысы алғаш рет 05.10.2015 жылы Қызылорда облысының әділет департаментінен тіркеліп, 21.07.2017 жылы өзгерулер мен толықтырулар енгізілген. Қайта тіркеуден 09.08.2023 өткізілді. 29.09.2023 жылы «Нұрлы Орда» бөбекжай балабақшасы атауынан «Нұрбек Орда» балабақшасы атауына ауыстырылды. Құрылтайшының шешімімен бекітілген.
Жарғыға сәйкес жас ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дейінгі жастағы балаларға білім мен тәрбие беру және әлеуметтік бейімдеу қызметінің функцияларын жүзеге асыратын құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға. Даму жоспарына сәйкес өз кірістері мен бюджеттік қаржы арқылы қаржыландырылады.
Мекеменің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, 3 жастан 5 (6) жасқа дейінгі мектепке дейінгі оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру, тұрғын үй базасы жағдайында сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін 9.5 сағат болу арқылы балаларды тәрбиелеу, күтім жасау және қорғау, балаларды қабылдау мүмкіндігі 75 бала.
Мекемедегі баланың орны сақталады, егер: бала ауырып қалса, бала медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде, бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда, ата-анасының бірі еңбек демалысына шығып, сәйкес құжаттарын берген кезде.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» Әбу Насыр Әлъ Фараби көшесі №16/30 мекен жайда орналасқан «Нұрбек Орда» балабақшасында 3 топ 75 орынға санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай №N.08.X.KZ24VBS00094374 санитарлық қорытынды берілген.
«Руслан-Казахстан» ЖШС-мен шарт жасалып 16.12.2022 жылы «дауыс бергіш» құрылғысы орнатылған. «Нұрбек Орда» балабақшасы мекемесінің құрылтайшысы Ниязова К.М. бірінші тараптан және «Интертич Клиникасы» ЖШС атынан 09.11.2022 жылы №8 «жедел медициналық қызмет көрсету» шарты жасалған. Денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда облысы әкімдігінен №19004532, 25.02.2019 жылы Медициналық кабинетке Мемлекеттік лицензия берілді.
Суреттерді үлкейту үшін басыңыз.












Қызылорда облысы, Қызылорда қ., АБУ НАСЫР АЛЬ-ФАРАБИ, 30
Қызылорда облысы, Қызылорда қ.,
АБУ НАСЫР АЛЬ-ФАРАБИ, 30